Каз
Рус
Eng

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты оқу залының жұмыс ережесі

1. Зерттеушілердің құжаттармен және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратпен жұмыс істеу тәртібі мемлекеттік мұрағаттардағы оқу залдарында зерттеушілердің жұмыс істеу ережелері, Қазақстан Республикасының 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және 1993 жылы 19 қантарда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау туралы» Заңдары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 15 маусымда № 52 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы Ереже бойынша анықталады.
Мұрағаттың оқу залында жұмыс істеуге рұқсат алуы үшін зерттеуші:
  1. Өзін Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатына жіберуші ұйымның ресми хатын ұсынады. Ол хатта зерттеушінің аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі (атағы) зерттеудің мақсаты мен тақырыбы, оның мерзімдік шеңбері көрсетілуі тиіс. Хат ұйымның елтаңбалы бланкісіне жазылып, оған осы ұйымның бірінші басшысы қол қоюы керек.
  2. Зерттеудің ғылыми жетекші растаған жоспары.
  3. № __ өтінімге тіркелуден өткендігі және Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ғылыми үйлестіруші орталығының тақырыпты бекіткені жөніндегі анықтамасы. Жекелеген азаматтар өздерінің жеке өтініштері бойынша құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат алады.

Шетелдік зерттеушілер өздерін қабылдаған ұйымның немесе шетелдегі ғылыми мекеменің ресми хаты негізінде, сондай-ақ өзінің жазған өтініші бойынша Қазақстанның азаматтарымен тең құқықта ресімделеді.
Жеке тектік қор құжаттарын пайдалану қор иесі немесе мұрагерінің рұқсаты бойынша беріледі (ҰМҚ туралы заңының 16 ст. 3 п.).
Мұрағатқа түскен ведомстволық сақтау мерзімі өтпеген (15 жыл) жарамды құнды құжаттарға қор жасаушы ұйымның жазба рұқсаты қажет.
Мұрағаттағы құжаттарды зерттеушілердің пайдалануына Мұрағат директоры немесе оның орынбасары рұқсат береді.

2. Зерттеушіні оқу залында ресімдеу

1. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуге рұқсат алған Зерттеуші ең әуелі оқу залы жұмысының осы ережелерімен танысуға тиіс, содан кейін беліленген үлгідегі анкетаны (сұрақ — жауап парағы), 2 дана етіп зерттеу тақырыбының есеп карточкасын толтыруы керек.

2. Құжаттарды іріктеп алуына және олармен жұмыс істеуіне қөмектесу мақсатында Зерттеушінің қолына мұрағат құжаттарына қатысты ғылыми-анықтамалық аппарат беріледі, онда: тізімдемелер, тізбелер, каталогтар іздеу жүйесі арқылы автоматты түрде алынатын ақпараттар (ААІЖ), жолсілтеме бар және қажет болған жағдайда Мұрағаттың жетекші мамандары түсінік беріп отырады.

3. Құжаттарды алу үшін қордың, тізімдеменің, құжаттардың сақталудағы бірлігінің нөмерлерін көрсетіп және істің қысқаша тақырыбын жазып, бланк толтыру керек. Зерттеуші бір мезгілде 20 іске, 5 тізімдемеге және 10 микрофильм роликтеріне дейін тапсырма бере алады.

4. Зерттеушіге тек зерттеу тақырыбына қатысты істер бір ай мерзімнен аспайтын уақытқа беріледі.
Құжаттарында «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар істер зерттеушілерге 2 сағаттан аспайтын уақытқа беріледі.

5. Зерттеуші оқу залында екі апта бойы жұмыс істемеген жағдайда іріктеліп алынған материалдар мұрағат қоймасына қайтарылады. Көшірмелері бар болса, әдетте, құжаттардың түпнұсқасы қолға берілмейді.

6. Зерттеуші қажет еткен істер ол тапсырыс берген сәттен бір күн өтіп, екінші күні әзір болады. Жазғы жұмыс тәртібіне көшкенде (1-маусымнан 1-қыркүйекке дейін) құжат сұралған тапсырыстар кем дегенде 2 тәулік бұрын берілуі керек.

7. Бүлінбей ұзақ сақталуы үшін 1918 — 1946 жылдардағы құжаттарпдың түпнұсқаларының орнына олардың пленкаға жазылған микрокөшірмелері (микрофильмдер және микрофишілер) беріледі.

3. Зерттеушінің міндеті:

1. Оқу залына келгенде оның жұмыс тәртібіне икемделеді, келушілер кітабына қолын қояды. 2. Жазуды беттері нөмірленген дәптердің бір жақ бетіне автоқаламмен анық етіп жазады. Дәптерге зерттеуші қолын қоюы және оны оқу залының қызметкері куәландыруы тиіс. 3. Құжаттардың бүтіндігін тексеріп, алғандығы туралы параққа қолын қояды. Зерттеушінің бұлайша қол қоюы оның өзі алған құжаттарға пайдалану кезіндегі жауапкершілігін көрсетеді. 4. Құжаттың бүлінгенін байқаған жағдайда оқу залының қызметкеріне көрсетуі керек. 5. Істерді пайдалану парақтарын ыждағаттап толтырады, онда өзінің осы істі қараған күнін, зерттеуінің тақырыбын және қай парақтарды пайдаланғанын анық етіп жазады. 6. Өзі қарауға алған мұрағаттық істерді және жазуы бар дәптерлерді зерттеуші күн сайын жұмыс уақыты аяқталғанда оқу залының қызметкеріне сақтауға өткізеді.

Зерттеуші мынаған құқылы:
1. Құжаттың түрін және авторын көрсете отырып құжаттардан қысқаша көшірме жасауға, олардың мазмұнын жазып алуға. Құжаттардан көшірілген үзіндіде мұрағаттың іздеу белгілері: Мұрағаттың қысқартылған аты (ҚРПМ), қордың, тізімдеменің істің, парақтың нөмерлері болуы керек (ҚРПМ.__ қ.__т.__і.__п.).

4. Жауапкершілік:

Жарияланымда келтірген деректерінің өзі пайдаланған мұрағат құжаттарының мазмұнымен сәйкес келуіне зерттеуші жауапты.

  1. Оқу залына кітап жарияланым материалдар, сөмке, ораулы зат, фотоаппаратура, кинокамера (мұрағат басшылығмен келісілген кезде болмаса) әкелуге, істерді оқу залынан алып шығуға, өзге біреулерге беруге, құжаттарды белгі соғуға, астын сызуға, бұрыштарын бүктеуге, сулап парақтауға үзілді-кесілді тиым салынады.
  2. Оқу залында жұмыс тәртібін бұзған зерттеуші оқу залында жұмыс істеу қуқығынан уақытша немесе біржола айрылу мүмкін. Құжаттардың ұрлануы немесе әдейі бүлдірілуі жағдайында, сондай-ақ олардың мәтініне өзгеріс енгізсе, айыптылар Қазақстан Республикасының заңына орай жауапқа тартылады.

Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-бейсенбі- сағ. 10:00-ден 17:00-ге дейін
Демалыс-жума
Түскі үзіліс: сағ. 12:00-ден 13:00-ге дейін.