1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мұрағаты кiтапханасы қорларымен оқырмандардың жұмыс ережесi Оқырмандардың Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының кiтапхана қрларымен жұмыс iстеу тәртiбi Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мұрағаты туралы 1999 жылғы 15 маусымдағы Ережесiмен анықталады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мұрағаты кiтапханасының кiтап, журнал, газет қорларымен жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн зерттеушiнiң оны Қазақстан Республикасы Президентiнiң Мұрағатына жiберген мекеменiң зерттеушiнiң аты-жөнi, қызметi, Ғылыми дәрежесi, зерттеудiң мақсаты мен тақырыбы, оның мерзiмдiк шеңберi көрсетiлген ресми хаты болуы тиiс. Хат сол мекеменiң бланкiсiмен ресiмделiнiп, оның бiрiншi басшысының қолы қойылып, елтаңбалық мөрмен куәландырылуы тиiс.
Жекелеген азаматтар Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының кiтапханасы қорларымен жұмыс iстеуге өз атынан жазылған өтiнiш бойынша кiре алады.
Шет ел зерттеушiлерi оларды қабылдаған ұйымдардың немесе шет елдiң Ғылыми мекемесiнiң ресми хаты негiзiнде, сондай-ақ жеке өтiнiштерi бойынша Қазақстан азаматтарымен тең құқықта ресiмделедi.
Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының кiтапханасы қорларын пайдалануға рұқсатты Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының директоры немесе оның орынбасарлары бередi.
2. Оқырмандардың жауапкершiлiгi мен құқығы
- Оқырман Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатына келген кезде кiтапхананың негiзгi Ережелерiмен танысып, оның жұмысының белгiленген режiмдерiн сақтауы тиiс. Әрбiр оқырманға кiтапхана қызметкерi оқырман есеп карточкасын жүргiзедi.
- Оқырмандар Мұрағат кiтапханасының кiтап, журнал, газет қорларын пайдалануға құқықты.
- Әдебиеттердi таңдауда және олармен жұмыс iстеуде көмек көрсету мақсатында оқырмандарға кiтапхананың анықтамалық-iздестiру аппараты (тiзбелер, каталогтар) ұсынылады. Оқырман әдеттегi каталогты да (кiтапхана қорына берiлген компьютерлiк база бойынша) пайдалануға, сондай-ақ қажет жағдайда кiтапхана қызметкерiнен кеңес алуға құқықты.
- Оқырман бiр мезгiлде 5 басылымға ғана тапсырыс беруге құқықты. Кiтапты пайдалану мерзiмi — кемiнде 15 күн.
- Сирек және құнды басылымдар тек ғылыми жұмыс үшiн ғана оқырман залына берiледi.
- Оқырмандар оларға берiлген баспа басылымдарға және басқа материалдарды пайдалануда ұқыпты болуға мiндеттi. Оқырман басылымды алу кезiнде оның жай-күйiн тексере отырып, оқырман есеп карточкасына қол қояды. Оқырманның қолы оның әдебиеттердi пайдалану уақтысында жауапкершiлiк артатынын куәландырады.
- Баспа басылымында кемшiлiк немесе зақымдық табылған жағдайда кiтапхана қызметкерiне хабарлау керек.
- Жұмыс аяқталған соң оқырмандар алынған әдебиеттердi күн сайын қоймаға, кiтапхана қызметкерiне өткiзедi. Егер оқырман 2 апта бойы жұмыс iстемесе алынған басылымдар қоймаға қайтарылады.
- Оқырмандарға кiтапхана әдебиеттерiн Мұрағат ғимаратынан сыртқа шығаруға рұқсат етiлмейдi.
- Оқырмандарға картотекадан, каталогтан карточкаларды шығаруға, кiтапқа белгi жасауға, сызуға, бұрышын бүктеуге рұқсат етiлмейдi.
- Кiтапхана қорларындағы әдебиеттер мен басқа материалдарды жоғалтқан немесе толықтырылмайтын зақымдық келтiрген адам толық сай келетiн және кiтапхана мағыналас деп тапқан әдебиеттермен (оның iшiнде жоғалған басылымдардың көшiрмесiмен де) өтеуге, бұл мүмкiн болмаған жағдайда — Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгiленген тәртiпте анықталған олардың бағасының он есе құнын өтеуге мiндеттi.
- Кiтапхананы пайдалану ережесiн бұзғаны үшiн оқырман Мұрағаттың кiтапхана қорларын пайдалану құқығынан уақытша немесе бiржола айырылуы мүмкiн.