Каз
Рус
Eng

Тарихи анықтама

«Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ» деген танымал нақыл сөз, өте көлемді тарихи құжаттарды сақтайтын мұрағаттардың мақсат-міндеттері мен маңызын айтарлықтай дәл білдіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мәдени мұра мен оның негізгі құрамдас бөлігі болып келетін Ұлттық мұрағаттық қорының сақталуы мен ұлғайтылуына жоғары қызығушылық танытып және тұрақты түрде қамқорлығын көрсетіп келеді. Көп ұлтты Қазақстан халқының рухани байлығын пайдалану мен сақтау жөніндегі жұмыс біздің еліміздің мемлекеттік және мәдени құрылысының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің жан-жақты қырлары көрініс табады. Аталған аса құнды қазынаның арасында, Қазақстанның жаңа саяси тарихы жөніндегі құжаттардың едәуір бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында ұқыпты сақталуда және нәтижелі пайдаланылу арқылы ерекше орын алады.

Қазіргі таңда Мұрағат Қазақстан Республикасы Президенті мен оның әкімшілігінің, Ел басына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-мұрағаттық қамтамасыз етудегі негізгі міндеттерін орындайтын қазіргі заманғы, технологиялармен жабдықталған кешен болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты мемлекет басшысының жарлығымен 1994 жылы Орталық мемлекеттік жаңарған тарих мұрағатының базасында ұйымдастырылған.

Мұрағат 1974 ж. тұрпатты жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан, 8 мұрағат қоймалары мен қызметі жайлары бар. Мұрағат қоймаларының ұзындығы 29 мың метр шамасындағы темір сөрелермен жарақталған, жасанды ішкі шағын ауа райын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерге және күзет-өртсөндіргіш дабылдар жүйесіне қосылған.

2011 ж. 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Мұрағатта 1918-2006 жж. 740 мыңнан астам сақтау бірлік сесепке алынған, оның ішінде:

  • қағаз негізінде 680 мыңға жуық сақт. бірл.;
  • аудиовизуальдық құжаттамалар 10 мыңнан астам сақт. бірл.;
  • аса құнды құжаттардың сақтандыру қорының көшірмелері 56 мыңға жуық сақт. бірл. (6 761 мың шағынфильм мен шағынфиша негативтердің кадрлары).
  • 1 мың айналасында электронды тасымалдағыштағы құжаттар.

Мемлекеттік органдардың мұрағаттық қорлары 1993 ж. қоса алғанда уақыттан бастап қоғамдық пайдалану мүмкіндігіне ие.

«Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі», «Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясы», «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы», «Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңес және оның Атқару комитеті», «Қазақстан Рсепубликасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» сияқты және басқа да мұрағаттық қорларда тәуелсіз мемлекеттің қалыптаса бастауын көрсететін дәуірлік оқиғаларды, ішкі және сыртқы саяси көпаспекті мәселелерді, халықаралық қатынастармен экономиканың маңызды өзгерістерінің барысын, еліміздің әлеуметтік-мәдениет дамуын көрсететін маңызды ақпараттар жинақталған.

Мұнда Қазақстан Республикасы Президентінің түпнұсқа актілері, оның халықаралық конгресстерде, форумдар мен кездесулердегі сөйлеген сөздерінің мәтіндері сақталуда.

Мемлекеттік органдардың құжаттары «Нұр Отан» ұлттық-демократиялық партиясы, Социалистік партиясы, Қазақстан ұлттық бірлік партиясы, «Әділет» Қазақстан ерікті тарихи-ағарту қоғамы сияқты саяси және қоғамдық ұйымдардың құжаттарымен толықтырылады.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің, және оларға дейінгі ұйымдардың қорларында социализм дәуіріндегі республика өміріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономика туралы көптеген ақпарат топтастырылған. Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы, тоталитарлық режимнің күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғындау тарихы, өлкені индустрияландыру, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды Қазақстанға жер аудару, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы құжаттар ерекше назар аудартады.

1998 жылдан бастап Мұрағат жеке текті құжаттарды жинауды бастады. Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 51 жеке қор алынған (5 мың сақт.бірл). Оның ішінде К. К. Тоқаев, М. Бейсебаев, М. Т. Оспанов, Ә. Т. Әлімжанов, М. Қ. Қозыбаев, Г. К. Бельгер, С. Қ. Құбашев, А. П. Рыбников, М. А. Жихарев, О. Батырбеков, З. С. Омарова, А. А. Алыбаев, М. И. Исиналиев тағы да басқа көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар.

Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетін атқару барысында, Мұрағат түрлі тасымалдаушы негіздегі құжаттардың материалдық негізінің физико-химиялық тұтастығы мен температурлық-ылғалды режимін қалыпты деңгейде ұстау жөніндегі алдын-алудың кешенді жұмыстарын жүзеге асырады.

Мұрағаттың құрылған сәтінен бергі жылдарда 1 200 мыңнан астам құжаттардың парақтары қайта жаңғыртылды, 96 мың іс түптеліп тігілді, 11 мыңға жуық әлсіз жарықтағы және өшіп бара жатқан мәтіндер қалпына келтірілді. Ықшамдалған фиширлік кешенінде өте құнды құжаттардың және сонымен қатар Мұрағаттың оқу залында зерттеушілер пайдалану үшін 1 900 мыңнан астам кадр шағынфотокөшірмелер жасалды.

Ұлттық мұрағат қорын ақпараты толық кешенді құнды құжаттармен толықтырылуына ерекше көңіл бөлінеді. Жинақтау көздері болып табылатын мекемелердің саны 1994 жылы 9 болса, 2010 жылы 36-ға дейін өсті, сонымен қатар жеке текті қор құжаттары 90 қор жасаушыға толықты.

Мұрағаттың қызмет көрсету саласына енетін мекемелерге, іс жүргізуді ұйымдастыру мен мұрағаттық сақтау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік сақтауға алуға іріктеу мен құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуге қажетті ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек беру жүзеге асырылады.

Мұрағат қызметкерлері ведомстволық іс жүргізуде және мұрағаттық қызметте қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарына белсенді түрде қатысады. Өткен кезеңде 60-тан аса құжаттандырудың тәжірибелік дағдыларын нығайту жөніндегі семинар-кеңестері және іскерлік ойындар өткізілді.

Құжаттардың мол массивіндегі керекті ақпараттарды іздеп табу жан-жақты құрастырылған ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесі болмаса мүмкін емес. Мұрағатта сақтауға алынған істердің мазмұнын ашатын, 3,1 мың мұрағаттық тізімдеме есепке алынған. Аса маңызды қорларға әртүрлі көрсеткіштер құрастырылған. Қазақстан Компартиясының республикалық бақылау органдарының құпиясыздандырылған қорларына тізімдеме-көрсеткі құрылған. 2001 ж. алғашқы рет «Архив Президента Республики Казахстан. Путеводитель» атты анықтамалық басылып шықты. Онда мұрағат қорлары, оның ішіндегі айрықша маңызды қорлардың құрамы мен мазмұны туралы толық көрсетеді. Жеке текті қорлар бойынша анықтамалықтың бірінші және екінші басылымдары жарыққа шықты.

Қазақстанның жаңа тарихы бойынша жан-жақты ақпаратты қамтитын 180 мыңға жуық карточка зерттеушілердің пайдалануына ұсынылады. Мұрағат құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппаратының жүйесін дамыту мен жетілдіру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. 2011 ж. 1 қаңтарынан бастап барлық бірінші категориялық қорларда міндетті түрде ғылыми-анықтамалық аппарат жұмыс жасайды. № 708 «Қазақстан Компартиясы ОК» қорындағы ең жиі пайдаланылатын құжаттардың каталогын жетілдіру жалғасуда (154 480 карточка).

Мұрағаттың жұмысы барысында 14 автоматтандырылған есеп және ақпаратты-іздеу деректер базасы құрастырылып енгізілді:

  • «Мұрағаттық қор»;
  • «Қазақ КСР Президентінің Актілері»;
  • «Қазақстан Республикасы Президентінің Актілері»;
  • «Мекемелер – ҚР ПМ жинақтау көздері»;
  • Жоғарғы үкімет органдарының директивті шешімдері»;
  • «Жеке істер»;
  • «Жеке текті құжаттардын атаулы каталогы»;
  • «Жеке текті құжаттардын атаулы картотекасы»
  • «Жеке текті құжаттармен ҚР ПМ жинақтау қорларын толықтыру»;
  • «Аса құнды құжаттар тізбесі»
  • «Кітапхана қоры»;
  • «Ақпаратты-анықтама қоры»;
  • «Бухгалтерия–1С»;
  • «Кадрлар».

«Мемлекеттік органның электрондық мұрағаты» жүйесін өнеркәсіптік енгізу жүргізілуде.

Мұрағатта автоматты түрде іздеу мен ақпаратты өңдеуді қамтамасыз ету үшін 2 сервер, 59 дербес компьютер, 8 жұмыс станциясы, 15 сканер, 50 принтерлер пайдаланылады. Оқшауланған желілер торы жұмыс жасайды. Мұрағатта екі ақпаратты жүйе, МОМЭЖ және ЭҚАБЖ, қызмет етеді.

Мұрағат ғылыми жұмыстардың бір түрі болып табылатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жариялау мен қолдануды, Қазақстанның қазіргі заман тарихы мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуге және қазіргі заман саясаттану мәселелерін әзірлеуге қатысуды ұйымдастырады.

Өткен жылдарда 46 құжатты жинақтар мен анықтама-ақпараттық басылымдар 51 томда шықты. (Толық тізімін – «Мұрағаттың басылымдары мен жарияланымдары» айдарын қара). 1998 ж. Мұрағат Атаулы күндер күнтізбесін (Мұрағаттын құжаттары бойынша) жыл сайын шығарады

Мұрағат ұжымы ғылыми мекемелермен қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынасын жақсы жолға қойған. Мұрағат қызметкерлері Қазақстанның жаңа тарихының мәселелері бойынша 70 баяндама және ақпаратты хабарламалармен 68 ғылыми-іс-тәжірибелік конференцияларға қатысты. Құжатты жинақтардың тұсаукесерлері, түрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер, сонымен қатар, аса көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткерлерімен, ғылыми қызметкерлермен ұдайы кездесулер өткізіледі.

Мұрағат осы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыс байланыс орнатты. Саяси тарих мәселелері бойынша «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Аргументы и факты», «Алматы ақшамы», «Коре ильбо», «Дойче Альгемайне Цайтунг» және басқа да газеттер мен «Мысль», «Ақиқат», «Жұлдыз», «Простор», «Нива», «Мир закона», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Қазақстан мұрағаттары», «Отечественные архивы» (Мәскеу), «Archion» (Варшава) сияқты журналдарға 230-дан астам мақала мен сұхбат және 98 радио және телехабарлар даярланды. Мұрағат «Хабар» телеканалы дайындаған «Бірінші» атты теледидарлық құжатты көрсетілім дайындауға қатысты. өз күшімен және сонымен қатар ҚР Президентінің мәдениет орталығымен, ҚР Орталық мемлекеттік музейімен, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатымен, Алматы облысының мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп 60-тан астам көрме даярланды және 180-ден астам дәріс-экскурсия өткізілді. Ашық есік күндері де әрдайым өткізіліп тұрады.

Мұрағаттың базасында жоғары оқу орындарының тарихи факультетінің студенттеріне оқу және өндірістік іс-тәжірибе өткізіледі.

Мұрағаттың сақтауға алынған, құрамы жағынан алуан түрлі мен жан-жақты ақпаратты құжаттары, Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеумен айналысып жүрген отандық және шетелдік ізденушілердің көпшілігінің қызығушылығын туғызады. Оқырман залында соңғы он алты жылдан бері 2 225 ізденуші жұмыс жасады, оның ішінде – Ресейден, Украинадан, Армениядан, Өзбекстаннан, АҚШ, Ұлы Британиядан, Канада, Германия, Жапония, Франция, Италия, Польша және Румыниядан келді. Оларды 20-30 жылдардағы Қазақстанның саяси жүйесінің өзгеруін қамтитын деректер, тың жерлерді игерудің әлеуметтік мәселелері, экономика, ауыл шаруашылығының дамуы туралы, ГУЛАГ-тың әлеуметтік және саяси тарихы туралы тағы да басқа тақырыптардың құжаттық деректемелері қызықтырады. Сонымен қатар Мұрағат мемлекеттік органдар мен жеке азаматтардың 5 мыңнан астам тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұранымдарының орындалуын қамтамасыз етті.

Мұрағат ұжымы орасан зор әдістемелік жұмыстар өткізеді. Осы жылдар бойы 70-тан астам түрлі нормативтік-әдістемелік құралдар даярланды. Мұрағаттың жұмыс тәжірибесі «Методические рекомендации по созданию архивных коллекций документов первичных организаций Компартии Казахстана» әдістемелік құралында көрсетіліп, республика мұрағаттарының арасында кеңінен таратылды.

ҚР Президентінің Мұрағаты, жыл өткен сайын еліміздің мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттары үшін республикалық ғылыми-әдістемелік орталық мәртебесін нық сеніммен арттырып келеді.

Мұрағаттың бастамасымен және оның базасында 2006 жылы қыркүйекте алғашқы рет «Электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар» тақырыбымен басқару процесстеріндегі жаңа технологияларды дамытудың, ең алдымен, «электрондық үкімет» құру, электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағатты енгізу мәселелері талқыланған республикалық семинар-кеңес өткізілді.

ҚР Президентінің Мұрағатында 2007 жылы сәуірде «Қазақстан мұрағаттары: тәжірибе, мәселелер, болашақ» тақырыбымен ғылыми және мәдениет қоғамдастықтарының қатысумен Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісінің негізгі ағымдары мен дамуының көкейтесті мәселелері қарастырылған Республикалық ғылыми- іс-тәжірибелік конференция өткізілді.

Мұрағатта Мұрағаттану, археография және оларға сәйкес келетін тарихи пәндердің мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік және басқа да құжаттардың жиынтығын көрсететін Анықтама-ақпараттық қор құрастырылып, ол ойдағыдай қызмет атқаруда. ААҚ-да әдістемелік әдебиеттің 1 700-ден астам бірлігі жинақталған. Бұдан басқа, кітапханада 43 мың данадан астам кітап, 15 мың данадан аса журнал мен 3 мың айналасында газет тігіндісі жиналған, оларды Мұрағат қызметкерлері мен ізденушілер пайдаланады. «Кітапхана қоры» деректер базасының электрондық каталогы құрастырылып, жұмыс барысында белсенді түрде пайдаланылуда, оған Мұрағаттағы барлық кітап басылымдары мен әдістемелік құралдар енгізілген.

Шетел елдердің мұрағат мекемелерімен және Халықаралық Мұрағат Кеңесімен (МСА) ынтымақтастық дамытылуда. 2003 ж. Мұрағат МСА Евразия бөлімшесінің мүшесі болып келеді және мұрағат Конгрестеріне (Пекин, Севилья, Вена), және мұрағат ісі бойынша 7 Халықаралық конференцияға қатысты (Стокгольм, Самара, Мәскеу, Астана, Ереван).

Мұрағаттың Астана қаласында өз филиалы бар.

ҚР Президентінің Мұрағаты бұл кезеңде Қазақстанның саяси тарихы бойынша ірі құжаттар қоймасы ғана емес, басқа мемлекеттік мұрағаттардың, музейлердің және ғылыми мекемелердің ішінде, өткенді шолатын құжаттық ақпараты мен тарихи білімді көпшілікке тарату орталықтарының бірі ретінде маңызды орынға ие болды.